Мақсат – азаматтарды үкіметтік емес ұйымдар көрсететін тегін әлеуметтік қызметтермен таныстыру
Алматыда Үкіметтік емес ұйымдар ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, білім беру саласының өкілдері азаматтарға кеңес беріп, бағыт-бағдар сілтеді. Іс-шараны қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша ақпараттық-ресурстық орталығы ұйымдастырған. Мақсат – азаматтарды үкіметтік емес ұйымдар көрсететін тегін әлеуметтік қызметтермен таныстыру.
Азаматтармен етене жұмыс істейтін учаскелік полицейлерді, оқу орындарының өкілдерін шақырдық. Мақсат – халыққа көмек көрсету. Әуезов ауданында ұйымдастырылып жатыр, қаланың өзге де аудандарында өтеді, – деді ақпараттық-ресурстық орталықтың жетекшісі Алтынай Көбеева.
:Оқи отырыңыз: Алматыда көшеттерді тегін тарату бойынша «Жасыл аула» күзгі акциясы басталады