Дода: Almaty TV-де зияткерлік ойын-сауық бағдарламасы көрерменге жол тартады

20.09.2024 в 21:06

Инттеллектуалдық сайыс ертең сағат 20:00-де эфирге шығады

Almaty TV-де жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі. Интеллектуалды ойын-сауық жанрындағы «Дода» жобасы зияткерлік қабілетті дамытуға бағытталған.

Аға буын мен жастар арасында ой жарыстыратын «Дода» зияткерлік ойын-сауық бағдарламасы сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді. Көрермен мен қатысушылардың интеллектуалдық қабілеті мен танымдық қызығушығын арттыратын жобада белгілі театр және кино әртістері, эстрада жұлдыздары, жазушылар мен ақындар бақ сынайды.

Бұл – ойды дамытып, отбасымен бірге шай ішіп отырып көретін бағдарлама. Зияткерлік, логикалық, тарихи сұрақтар қамтылған. Тапқырлық сайысында өнерде жүрген аға-әпкелеріміз бен буын бақ сынайды, – деді бағдарлама жүргізушісі Ұлан Мықтыбек.  

Алты кезеңнен тұратын ойындарда әр сайысқа арналған сұрақтар түрлі тақырыпқа жіктеліп, ұяшыққа жасырылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. «Мирас» деп аталатын сайыста қатысушылар көне бұйымдардың қандай мақсатта пайдаланылғанын табуы керек.

Ойын шарттары өте ұнады. Бірақ тұлғалардың атын білмей қалдық. Өзім ұялып қалдым. Бірақ келесі жолы біліп жүреміз, – деді әнші, бағдарламаға қатысушы Тимур Пиязов.

Ертең сағат 20:00-де көрерменге жол тартатын «Дода» инттеллектуалдық ойыны аптасына 1 рет ұсынылады.

Гүлмарал Изатқызы, Жансая Олжабек, Сағынғали Мұңайтпасов