Екі өңірде коронавирус жұқтырған 5 адам анықталды

22.05.2022 18:00

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 691 адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде Алматы қаласында – 3, Шымкент қаласында – 2 адам анықталды.

Жалпы індет басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 691 адамға жетті.