Ағзада иммунитет бар деп адамға қорғанбай жүру қателік
Коронавируспен ауырған адамның бойында қалыптасқан антидене 3 айдан 6 айға дейін ғана сақталады. Нұр-Сұлтан қаласындағы көппрофильді медициналық орталықтың инфекционист дәрігері Эльмира Әдішева осылай дейді. Оның сөзінше, ағзада иммунитет бар деп адамға қорғанбай жүру қателік. Дәл қазір маман бізбен Almaty.tv тікелей эфиріне шығуға дайын.
– Эльмира Батырбекқызы, қайырлы кеш! Короновируспен бір рет ауырған адам екінші рет жұқтыруы мүмкін бе?
– Қайырлы кеш! Бұл коронавирусты жұқпа, яғни COVID-19 жаңа вирус. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы COVID-19 орталығында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап істеп жатырмын. Менің тәжірибемде осы коронавируспен науқас екінші рет түскен жоқ. Бірақ коронавирус жаңа вирус болғандықтан, ол басқа елдерде ғалымдар зерттеу үстінде.
– Адамның бойында қалыптасқан антидене қанша уақыт вирустан қорғайды?
– Иә, COVID-19-дың инкубациялық кезеңі 2 күннен 14 күн аралығында болады. Ол екі апта көлемінде антидене қалыптасады. Ауырғаннан кейін ол 3 ай мен 6 айдың аралығында сақталынады.
– Көрермендерімізге айта кетейікші, коронавирусты пневманиядан қалай ажыратуға болады?
– COVID-19 бен пневманияның, яғни COVID-19 вирустық пневмания ма, әлде бактериялдық пневмания ма, екеуінің симптомдары ұқсас болып келеді. Бірақ қандай дегенмен, олардың айырмашылығы бар. Мысалы, COVID-19 бен пневманияның ұқсастығы дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, жөтел, демікпе болады. Бірақ COVID-19-да инкубациялық кезең 14 күнге дейін болғаннан кейін науқастың әлсіздігі көпке дейін болады және иіс сезу, дәм сезуден айырылады. Осыдан да байқауға болады.
– Эльмира ханым, ақпаратыңыз үшін рахмет!