Пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

03.01.2021 05:05

2021 жылғы 3 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 16 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45946, 508 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33251 жетті.