Коронавирустың біздің елде таралмауы үшін сақтандандыру шаралары жалғасып жатыр. Бүгін ведомствоаралық комиссияның шешімімен халықаралық рейстер саны қысқартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұдан былай AirAstana әуе компаниясы Алматы мен Сеулге және Нұр-Сұлтан мен Сеул арасында аптасына 1 рет қана ұшатын болады. Бұған дейін аптасына 5 рет ұшатын еді. Asiana Airlines әуе компаниясы Алматы мен Сеул арасында аптасына 2-ден 1 рейске, Mahan Air Алматы –Тегеран арасында аптасына 1 рейске дейін шектелді. Бұл кесте 2020 жылдың 1 наурызынан бастап енгізіледі. Еске сала кетейік, рейстерді қысқарту Оңтүстік Корея мен Ирандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жасалған шара.
AirAstana
- Алматы – Сеул, аптасына 5-тен 1 рейске;
- Нұр Сұлтан – Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске;
Asiana Airlines
- Алматы – Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске;
Mahan Air
- Алматы – Тегеран, аптасына 1 рейске;