Украина президенті Владимир Зеленскийге коронавирус диагнозы қойылды
открытые источники
Оқшаулануға уәде беремін және жұмысымды жалғастырамын – Владимир Зеленский
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Украина президенті Владимир Зеленскийге COVID-19 диагнозы қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әлемде COVID-19 қаупі төнбейтін адам жоқ шығар. Барлық карантин шараларына қарамастан, менен де коронавирус анықталды. Қазір температурам 37,5, ал баршаңызға 36,6 тілеймін! Дегенмен көңіл-күйім жақсы. Оқшаулануға уәде беремін және жұмысымды жалғастырамын. Көбісі COVID-19-ды жеңіп шықты. Мен де бұл қиындықты еңсеретін шығармын. Бәрі жақсы болады!» – деп жазды В. Зеленский Telegram-да.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31