Жаңа қаулы: Алматыдағы студенттік жатақханалардың жұмыс тәртібі алгоритмі жарияланды

inform.kz
inform.kz
Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес студенттік жатақханалардың жұмыс тәртібі  алгоритмі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатқа сәйкес: 

1. Білім беру объектісі басшысының бұйрығымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде COVID-19 бойынша карантин енгізу кезеңінде жатақханаларда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуы, қызметкерлерге коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша күнделікті нұсқама жүргізу үшін жауапты адам (медицина қызметкері) бекітілсін.

2. Денсаулық жағдайы туралы және жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен байланысының жоқтығы туралы медициналық анықтама болған жағдайда студенттерді жатақханаға орналастыруды жүзеге асыру.

3. Жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері бар және температуралық адамдарды оқшаулау үшін жұмыс істеп тұрған медициналық оқшаулағыштардың болуын қамтамасыз ету.

4. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін, тұрғындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және жатақханалардағы бөлмелерді 50%-ға дейін толтыру шартымен студенттердің жатақханаларда тұруын, студенттердің бөлмелерде 2 адамнан аспай тұруын қамтамасыз ету.

5. Жатақханаларда студенттердің кіру және шығу журналына тіркей отырып, белгіленген рұқсаттама режимін қамтамасыз ету, бөгде адамдардың жатақханаларға кіруіне жол берілмейді.

6. Барлық қызметкерлер мен студенттерді күнделікті сүзгіден өткізіп, дене температурасын өлшеп, денсаулық жағдайына сауалнама жүргізіп, журналға тіркеу. Сүзгіні жүргізу кезінде адамдардың көп жиналуын болдырмау және әлеуметтік қашықтықтың (кемінде 2 метр) сақталуын қамтамасыз ету.

7. Жедел респираторлық инфекциялар белгілері бар, COVID-19 және басқа да жұқпалы ауруларға күдікті қызметкерлер, студенттер анықталған жағдайда оларды медициналық изоляторға уақытша оқшаулауға, күндізгі уақытта - осы оқу орнына қызмет көрсететін учаскелік дәрігерді (немесе аумақтық емхананың ұтқыр тобының медицина қызметкерлерін), түнгі уақытта - жедел медициналық жәрдем дәрігерін шақыру.

8. Білім беру объектісінің әкімшілігі жатақханада аурудың симптомсыз және жеңіл нысандарымен COVID-19 ауыратын адамдарды және байланыста болған студенттерді оқшаулау үшін жеке сыртқа шығатын жолға ие (немесе оқшауланған қабат) үй-жайлардың жеке блогын ұйымдастырсын.

9. Қызметкерлердің, студенттердің жеке гигиенаны сақтауы үшін жағдай жасау (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, қол жууға арналған қолжуғыштардың, сабындардың, санитайзерлердің болуы). Санитариялық тораптарға жүйелі түрде дезинфекциялық өңдеу жүргізу, жинау құрал-жабдықтары өңдеу жүргізілгеннен кейін дезинфекциялануға жатады.

10. Термометрлердің, дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, персоналға арналған жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар) жеткілікті санының болуын қамтамасыз ету. Пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинап шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге жүргізілсін, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде мамандандырылған ұйымдармен әкетілсін.

11. Дезинфекциялау құралдарын дайындауды тиісті ЖҚҚ қолдана отырып, нұсқаулыққа сәйкес жақсы желдетілетін үй-жайда жүргізу керек. Техникалық персонал үшін дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықты көрінетін жерге орналастыру қажет.

12. Желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің жұмысын, үй-жайларды желдету режимін сақтауды қамтамасыз ету.

13. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды үнемі ылғалды жинауды жүргізу, жалпы пайдалану орындарын қол жууға арналған құралдармен және антисептиктермен қамтамасыз ету.

14. Бірлескен тамақ ішуді болдырмау, жатақханда тұратын тұлғалар арасындағы байланысты шектеу.

15. Коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық, жеңіл түрімен ауыратын студенттерге және байланыс студенттеріне изолятордың сыртқы есігіне дейін, жеке қорғаныс құралдарымен (респиратор, қолғап) қорғалған жауапты қызметкерлер (еріктілер) азық-түлік өнімдерін, басқа да қажетті жеке гигиена құралдарын байланыссыз жеткізуді ұйымдастырсын.

15. Жатақханаларда мәдени-бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізуге жол бермеу.

16. Тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше медициналық бақылауды қамтамасыз ету.

17. Қашықтықтан оқыту форматында оқу уақытында жатақханаларда тұратындар адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан сатып алу үшін шығу жолдарын қоспағанда, тұрақты тұратын орындарына немесе өзге де орындарға баруына тыйым салу.

18. Студенттер қашықтықтан оқыту режимінде оқу уақытына жатақханадан уақытша шыққан кезде жазбаша, оның ішінде электрондық байланыс арқылы білім беру ұйымына жатақханадан шыққан уақытын, қайтып оралған уақытын және жіберілген орнын көрсете отырып хабарлайды.

19. Медициналық қызметкер жатақханадан шыққаннан кейін қайта оралған білім алушының денсаулық жағдайына қайта оралған күнінен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мониторинг жүргізеді.

20. Білім беру объектісінің басшысы тиісті студенттер мен қызметкерлерге коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдем көрсетеді, олардың тізімін Т.А. Ә., туған күнін, ЖСН, үй мекенжайын, жұмыс, оқу орнын, факультетін, курсын көрсете отырып, аумақтық медициналық ұйымға (немесе студенттерге, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету орны бойынша медициналық ұйымға), аумақтық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдауды қамтамасыз етеді.

Новости партнеров