Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді

26.03.2020 в 13:17

Жалпы Қазақстан бойынша 86 науқас тіркелді

26 наурыз сағат 08:05 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 44 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында –  1 адам, Ақтөбе облысында –  1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында –  1 адам,  жалпы 86 науқас тіркелді.