Алматыда өткен тәулікте 14 адам COVID-19 жұқтырды

13.12.2021 в 13:19

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 979975

Қазақстанда өткен тәулікте 491 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.


Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 81, Алматы қаласы - 14, Шымкент қаласы - 5, Ақмола облысы - 59, Ақтөбе облысы - 2, Алматы облысы - 12, Шығыс Қазақстан облысы - 12, Жамбыл облысы - 2, Батыс Қазақстан облысы - 10, Қарағанды облысы - 90, Қостанай облысы - 60, Қызылорда облысы - 3, Маңғыстау облысы - 3, Павлодар облысы - 66, Солтүстік Қазақстан облысы - 66, Түркістан облысы - 6. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 979975.

Қазақстанда өткен тәулікте 543 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65, Алматы қаласы - 33, Ақмола облысы - 75, Ақтөбе облысы - 10, Алматы облысы - 36, Атырау облысы - 24, Шығыс Қазақстан облысы - 32, Жамбыл облысы - 4, Батыс Қазақстан облысы - 5, Қарағанды облысы - 124, Қызылорда облысы - 2, Павлодар облысы - 74, Солтүстік Қазақстан облысы - 56, Түркістан облысы - 3. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 948757.