Гонконгте алғаш рет 45 күнде коронавирус тіркелген жоқ

21.04.2020 в 13:23

Ауру жұқтырған және сондай күдік тудырған 630 науқас ауруханадан емделіп шыққан

edition.cnn.com

Гонконгтің денсаулық қорғау орталығы дүйсенбі күні Гонконгте 45 күннен бері алғаш рет COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелмегенін мәлім етті. Гонконгте коронавирус жұқтырғандар саны бұрынғы деңгейде қалып отыр, 1 025 адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат Xinhuanet-ке сілтеме жасап.

Гонконгтің денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні COVID-19 бойынша күн сайынғы баспасөз брифингісін өткізбеу туралы шешім қабылдағаны хабарланды. Соған қарамастан Денсаулық қорғау орталығы коронавирус жұқтыру қаупін азайту үшін әлеуметтік қашықтық шаралар сақтауға шақыруда. Гонконгте эпидемиялық жағдай бұрынғыша тұрақсыз және болжауға келмейді, сондықтан қоғам абай болуы қажет екені аталып өтілген.

Гонконг аурухана басқармасының мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас қайтыс болған. Ауру жұқтырған және сондай күдік тудырған 630 науқас ауруханадан емделіп шыққан.