Коронавирус: Италия мен АҚШ карантин талаптарын жұмсарта бастайды

kazinform.kz
kazinform.kz
Италия премьер-министрі Джузеппе Конти 4 мамырдан бастап елде кейбір шектеулер ішінара алынып тасталатынын мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропа елдерінде коронавирустан болған өлім-жітіпһм азайып жатыр. Сондықтан кей елдер карантин шараларын жұмсарта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Италия премьер-министрі Джузеппе Конти 4 мамырдан бастап елде кейбір шектеулер ішінара алынып тасталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, тамақтанатын орындар мен мейрамханалар тамақ сата алады, қазір оларға тек үйге тапсырыс беруге рұқсат етілген. Италиялықтар бұрынғысынша елдің аумағында саяхаттай алмайды, бірақ оларға қаладан қалаға бір провинция шегінде баруына рұқсат етіледі. Туған-туыстарына шағын топпен тек маска киіп баруы керек.

Сондай-ақ саябақтар да ашылады, бірақ онда көп адамның жиналуына тыйым салынады. АҚШ-та барлық штат жұма күні елде ауырғандар саны күн санап артқанына қарамастан, карантин шараларын жұмсарта бастады. Америка Құрама Штаттарында Covid-19 жұқтыру мен одан қайтыс болу жағдайлары әлемнің басқа елдеріне қарағанда көбірек: соңғы мәлімет бойынша 957 мың адам коронавирус жұқтырса, 54,4 мың адам қайтыс болған. Осы аптада Джорджия, Оклахома, Аляска және Оңтүстік Каролина карантинді ішінара жеңілдетуге көшті.

Олар келесі аптада шектеулерді одан әрі алып тастауға шақырды. АҚШ-тағы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі Ақ үйдің үйлестірушісі, доктор Дебора Биркс журналистерге карантин шараларының бір бөлігі елде жақын арада бірнеше айға дейін сақталатынын растады.

Новости партнеров