Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді
Осыдан 10 күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесі бойынша індет жұқтырғаны белгілі болған. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді» - деп мәлім етті Даунинг-стриттен. Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.