Еліміздің екі өңірі «қызыл» аймақта қалды

15.11.2021 13:27

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр

Фото: ашық дереккөзден

15 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр. 

«Жасыл» аймақта - Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.