Жаңа штамм Сан-Паулу қаласында үш жасар баладан анықталған
Бразилияда "омикронның" жаңа штамы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бразилиялық эпидемиологтардың мәліметінше, жаңа штамм Сан-Паулу қаласында үш жасар баладан анықталған.
Жаңа штамм "омикронның" ВА.1 және ВА.2. нұсқаларының араласқан мутациясы. Ғалымдар "омикронның" толық рекомбинациясы туралы айтуға әлі ерте деп отыр. Айтуларынша, ол үшін вирусологтар инфекцияның кем дегенде бес адамға жұққанын растауы керек.