Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, елде соңғы тәулікте 5236 адам COVID-19 жұқтырған
Ресейде COVID-19 індеті шарықтау шегіне жетті деп айту ертерек, жағдайды қадағалау керек. Бұл туралы баспасөз мәслихатында РФ Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы-эпидемиолог Николай Брико мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы бірнеше күнде өсім (күнделікті өсім) 8-10% болды, әрине, бұл бұрынғыға қарағанда 15-17% аз. Бірақ ауру өршуінің шырқау шегіне жеттік деп айтуға әлі ерте. Жағдайды қадағалау керек, не болатынын көрейік. Қандай да бір қорытынды жасау үшін кемінде бір апта қажет», – деп атап өтті Н.Брико. Н.Брико сонымен қатар коронавирустың таралуымен күресу үшін Ресей Федерациясына енгізілген шектеу шараларын мамыр мейрамдары қарсаңында ұзарту қажет екенін айтты.
Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, елде соңғы тәулікте 5236 адам COVID-19 жұқтырған. Ал коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 57999. 4420 адам сауығып, ауруханадан шықты. Бір күн ішінде 57 пациент көз жұмған. Індеттен қайтыс болғандар саны – 513 адам.