Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

11.11.2020 13:43

Облыста 3-9 қараша аралығында 254 адам коронавирус жұқтырып, өсіп 0,9 пайыз болды

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Аймақта карантин шаралары 13 қарашадан бастап қатаңдатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыста 3-9 қараша аралығында 254 адам коронавирус жұқтырып, өсіп 0,9 пайыз болды. Соңғы үш аптада Көкшетау тұрғындары арасында ауырып қалғандар 3,1 есе көбейген. Осыған байланысты карантин күшейтілді.

Көкшетау каласы, Красный Яр ауылы, Чайкино кенті, Станционный кенті аумағы бойынша сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін тұрғындардың жаяу және автокөлікпен жүруіне тыйым салынады. Қалған елді мекендер үшін бұл тыйым сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін енгізіледі.

Көкшетау айналасына санитар посттар қойылады. Басқа облыс тұрғындары қалаға ПТР-анықтамасыз кіре алмайды.

Сондай-ақ азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қысқартылды.