Еліміздің бір өңірі «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

16.11.2021 в 13:43

16 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

16 қарашадағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр. 

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.