Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 2 адам көз жұмды

18.01.2021 13:46

2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 40 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46848, 540 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34613 жетті.