Еуропада коронавирусқа байланысты жағдай ушығып барады

Яндекс.Новости
Яндекс.Новости
Францияда соңғы тәулікте 18 мың 746 адамнан вирус анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропада коронавирусқа байланысты жағдай ушығып барады. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны күрт өсіп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Францияда соңғы тәулікте 18 мың 746 адамнан ауру анықталса, бұған дейін тәулігіне тіркелген ең жоғары көрсеткіш бұл елде 16 мың болатын. Салдарынан Парижде шағын асханалар екі аптаға жабылды. Жалпы пандемия басталғалы Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 653 мыңнан асты, 32 445 науқас қайтыс болды. Ал Польшада бір тәулікте 3003 адам ауырып, пандемия басылудың орнына, керісінше коронавирус рекорд жасады. Сондай-ақ, көз жұмғандардың да саны күрт артып кеткен. Соңғы тәулікте - 75 науқас кеселдің кесірінен бақилық болды. Жалпы, әлем бойынша COVID-19 вирусына шалдыққандар саны 36 миллионнан асты. Жұқтырғандар бойынша бұрыңғыдай көшті АҚШ бастап келеді. Онда жеті жарым миллион азамат ауырған. Ал екінші орында Үндістан. Онда 4 миллион 800 мыңға тарта науқас тіркелген.  

Новости партнеров