Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам көз жұмды

02.09.2021 13:50

Коронавирус белгілері бар пневмонияның 460 жағдайы тіркелді

ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 114 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір тәулікте коронавирустан 93 адам көз жұмған. Ал, коронавирус белгілері бар пневмонияның 460 жағдайы және 21 өлім тіркелді. Оған қоса 167 адам емделіп шықты.