Әлемде індет жұқтырғандар саны 6,3 миллионнан асты

06.03.2020 в 16:04

COVID-19 вирусынан барлығы 380 мыңнан астам адам көз жұмды

ТАСС/PA Images/Davor Puklavec/PIXSELL

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 6 миллион 300 мыңнан асты. Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша 3 маусымда 2 миллион 725 мың 541 адам дерттен айықса, 380 мыңға жуық адам қауіпті індеттің құрбаны болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, жаңа үлгідегі коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбінесе Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркеліпті. Ондағы науқастар саны 2,9 миллионға жетсе, Бразилияда 555 мың 383 науқас дертті жұқтыруы бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ, коронавирустан зардап шеккен он елдің ішінде Ресей, Испания, Ұлыбритания, Италия, Үндістан, Франция, Германия, Перу елі де бар.  Ал, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия туралы басқа статистиканы ұсынған. Онда әлемде COVID-19 жұқпасының саны 6 миллион 194 мың 533-ке жетіп, 124 мың 139 жаңа инфекция тіркелді десе, 376 320 адам көз жұмған деп көрсетілген.

Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал:

АҚШ  

1 831 435 адам жұқтырды

106 180 адам қайтыс болды

Бразилия

555 383 адам жұқтырды

31 199 адам қайтыс болды

Ресей

423186 адам жұқтырды

5031 қайтыс болды

Ұлыбритания

279 392 адам жұқтырды

39 452 қайтыс болды

Испания

239 932 адам ауруды жұқтырды

27 127 адам қайтыс болды

Италия

233 515 адам жұқтырды

33 530 қайтыс болды

Үндістан

207 183 адам жұқтырылды

5829 адам қайтыс болды

Франция

188 450 адам жұқтырды

28 943 қайтыс болды

Германия

183 879 адам жұқтырды

8563 қайтыс болды

Перу

170 039 адам жұқтырды

4634 қайтыс болды