Елімізде коронавируспен ауырған 28,5 мың науқас стационарда жатыр

24.08.2021 13:53

94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр

lenta.inform.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі короанвирустан емделіп жатқандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

24 тамыздағы мәлімет бойынша 123 226 адам коронавирус инфекциясынан (117 339 КВИ+ және 5 887 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 577 пациент стационарда жатыр, 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 824 адамның жағдайы ауыр,

555 пациенттің жағдайы өте ауыр,

267 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.