Коронавирус: жеті өңір «сары» аймақта

24.09.2021 13:54

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары

Фото: Алихан Сариев

24 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.