Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 12 науқас
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
14 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 58 адам - коронавирустан, тағы 6 адам - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 12 науқас. Алматы қаласында - 10, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Ақмола облысында - 6, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Павлодар облыстарында - 3, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында - 2, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында - 1 адамнан көз жұмған.
Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Қостанай облысында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.