Қазақстанда бір өңір «сары» аймаққа өтті

08.02.2022 13:59

8 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

8 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта Атырау және Жамбыл облыстары тұр. 

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.