Шымкентте 63 медқызметкер қонақүйге орналастырылды – қала әкімі

15.04.2020 13:59

Қауiптi аурумен тікелей күресетiн жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері ауысымнан кейін үйлерiне қайтпаған

tengrinews.kz

Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасының 63 медициналық қызметкері қалалық қонақүйлердің біріне орналастырылды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, қауiптi аурумен тікелей күресетiн жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері ауысымнан кейін үйлерiне қайта алмай отыр. Көпжылдық жұмыс кезеңінде олар алғаш рет тез таралатын аурумен күрестi, ал оның салдары өте ауыр.

"Сондықтан біздің мамандарымызды қонақүйге орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазір мұнда 63 дәрігер орналасты, резервте әлi 22 маманға орын бар. Олардың ауысымнан кейiн демалуына барлық жағдай жасалған 1, 2, 3 және 4 орынды бөлмелер жабдықталған. Ал, туыстарымен тек мессенджерлердiң көмегiмен байланыса алады. Сондай-ақ, тасымалдау көлiгi де ұйымдастырылды", – деп жазды әкім.

Сонымен қатар, 1290 медицина қызметкеріне үстеме ақы төленген. Бұл үстеме ақылар үш ай бойы төленеді.

"Мен дәрiгерлерiмiзге күш-жігер беріп отырған отбасыларына ерекше алғысымды білдіремін. Бұл күндер де артта қалып, ақ халатты абзал жандарымыз жанұяларымен ертерек қауышады деген сенімдемін. Осы ретте шымкенттіктерді карантин режимін қатаң сақтап, үйде қалуға тағы да шақырамын", – деп жазды Әйтенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қауiптi аурумен тікелей күресетiн жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері ауысымнан кейін үйлерiне қайта алмауда. Көпжылдық жұмыс кезеңінде олар алғаш рет тез таралатын аурумен күрестi, ал оның салдары өте ауыр. Сондықтан біздің мамандарымызды қонақ үйге орналастыру туралы шешім қабылданды. Қазір мұнда 63 дәрігер орналасты, резервте әлi 22 маманға орын бар. Олардың ауысымнан кейiн демалуына барлық жағдай жасалған 1, 2, 3 және 4 орынды бөлмелер жабдықталған. Ал туыстарымен тек мессенджерлердiң көмегiмен байланыса алады. Сондай-ақ, тасымалдау көлiгi де ұйымдастырылды. Президент тапсырмасы бойынша 1290 медицина қызметкеріне үстеме ақы төленді. Бұл үстеме ақылар үш ай бойы төленеді. Мен дәрiгерлерiмiзге күш-жігер беріп отырған отбасыларына ерекше алғысымды білдіремін. Бұл күндер де артта қалып, ақ халатты абзал жандарымыз жанұяларымен ертерек қауышады деген сенімдемін. Осы ретте шымкенттіктерді карантин режимін қатаң сақтап, үйде қалуға тағы да шақырамын. _________ Наши медики из инфекционной больницы, те, кто непосредственно ведет борьбу с опасным заболеванием, сейчас не могут возвращаться после смены домой. За многолетний период работы они впервые сталкиваются с заболеванием, которое так быстро распространяется, а его последствия очень серьезные. Поэтому и было принято решение разместить наших специалистов в гостинице. Сейчас здесь проживают 63 медика из инфекционной больницы, но в резерве места еще для 22 специалистов. . Для них оборудованы 1, 2, 3 и 4-х местные номера со всеми удобствами, где они могут отдохнуть после смены, пообщаться с коллегами. А с родными – только посредством мессенджеров. Также, для них организована развозка. Мы постарались создать максимально комфортные условия для наших врачей, медсестер, фельдшеров. По поручению Президента была выплачена надбавка 1290 медицинским работникам. И эти надбавки будут выплачиваться в течение трех месяцев. Я благодарен семьям наших медиков, поддерживающим их боевой настрой. Надеюсь, очень скоро все закончится, и они смогут вернуться домой, к своим близким. И снова призываю каждого жителя – не нарушайте режим карантина хотя бы ради тех, кто остался на работе ради вас.

Публикация от Мұрат Әйтенов (@murat__aitenov)13 Апр 2020 в 7:30 PDT