|
15.04.2021 | 09:00
951

Алматы метросында карантин талаптары қатаң сақталған

Метрополитен аймағына бетпердесіз кіруге тыйым салынған

Алматы метросында карантин талаптары қатаң сақталған kursiv.kz

Қаладағы қоғамдық орындарда бетперде тағу қатаң бақыланады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әсіресе метрополитен аймағына бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Ол үшін барлық бекеттегі кіреберістер мен кассаларда жұмыс істейтін мамандар жолаушылардың маска таққанын, не тақпағандығын тексереді. Сол себепті метромен жүретін адамдар арасында ереже бұзған бірде бір жолаушы тіркелмеген. Сонымен қатар күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіліп тұрады.

«Бізде әр станция бекетіне кіру-шығу аймақтарында және платформаларда санитайзерлер орналасқан, дезинфекция режимі қатаң сақталады. Күніне бірнеше мәрте станцияларда дезинфекция жұмыстарын жүргіземіз», – деді  қалалық метрополитен КМК еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Роллан Балғабаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир