Алматыда өткен тәулікте 4 адам коронавирус жұқтырды

26.04.2022 14:10

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1305473 адам

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында — 1, Алматы қаласында  4, Алматы облысында — 1, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Павлодар облысында 1 адамнан инфекция анықталған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны  1305473 адам. Сондай-ақ Қазақстанда 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында 1, Алматы қаласында 5, Алматы облысында 2, Атырау облысында 1, Шығыс Қазақстан облысында 1, Батыс Қазақстан облысында 1, Қостанай облысында 1 адам аталған инфекциядан жазылған. Елімізде осымен барлығы 1 291 009 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.