Карантин кезінде тестілеуге қойылатын талаптар жеңілдетілді
Қытай билігі коронавирус жұқтырғандардың оқшаулану мерзімін екі есеге қысқартып, COVID-19 үшін карантин режимін жұмсартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясына сілтеме жасап.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, бұдан былай саяхатшылар карантинде жеті күн болып, одан кейін тағы үш күн үйде бақыланады.
ҚазАқпарат мәліметінше, бұған дейін қонақүйде 21 күндік карантин талап етілген, ал кейбіреулеріне оқшауланудың соңғы аптасын үйде өткізуге рұқсат берілді.
Сонымен қатар, карантин кезінде тестілеуге қойылатын талаптар жеңілдетілді. Енді туристердің мұрнынан емес, тамағынан жұғынды алу жеткілікті болады.
Жаңа ұсыныстарда саяхатшылар үшін вакцина салдыру талаптары айтылмады.