Президент қазақстандықтар арасында індетке шалдығу оқиғалары азаймай отырғанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссия қабылдаған барлық іс-әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар арасында індетке шалдығу оқиғалары азаймай отырғанын Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», - деп жазды Президент.
Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 3, 2020