Коронавирус: бір облыс «қызыл» аймақтан шықты

30.09.2021 14:01

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары

NUR.KZ/Петр Карандашов

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары. 

«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.