Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 19 адам қайтыс болды

15.11.2021 14:02
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған сәйкес, 13 қараша күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 3 науқас. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында - 2, Шымкент қаласында және Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Тек Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.