Неміс ғалымдары коронавирус жұқтыру қаупі жоғары қан топтарын анықтады

16.10.2020 в 14:07

Ғалымдар Италия мен Испаниядан келген коронавируспен ауыратын 1610 пациентті зерттеді

Неміс ғалымдары коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары қан топтарын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv. Зерттеу жүргізу кезінде олар Италия мен Испаниядан келген 1610 науқастың ДНҚ молекулаларын тексерді. 

Анықталғандай, II-інші қан тобындағы адамдарда COVID-19-дың қаупі айтарлықтай жоғары, I-інші қан тобындағы адамдармен салыстырғанда екі есе көп болып шықты. Ал бірінші қан тобындағы адамдарға келетін болсақ, жаңа деректер олардың коронавирусқа қарсы иммунитетін мүлдем көрсетпеді. Бұл олардың COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауырып шығу қаупі барынша аз екенін білдіреді. Ал III-інші және IV-інші қан тобындағы коронавирус жұқтырған науқастарда қауіпті індетпен ауырудың айқын тенденциясы байқалмайды. 14-нші қазанда Blood Advances мамандандырылған басылымында тағы екі зерттеудің нәтижелері жарияланды. Онда неміс және норвег ғалымдары коронавирусты жұқтырған жағдайда I-інші қан тобындағы адамдарда ауру жеңіл түрде жүреді деген тұжырымдарын растады. Ал Грац медициналық университетінің ғалымдары қазір мұның себебін білуге тырысып жатыр.