2021 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 112 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Оған қоса 83 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52739, 791 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51460 жетті.