Елімізде тағы 50 адамнан коронавирустық пневмония анықталды

19.03.2021 14:09

2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 50 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Оған қоса 189 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50003, 659 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45803 жетті.