Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады
Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дан 32 адам, ал ковидтік пневмониядан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Пандемия басталғалы республикада коронавирустан 11 879 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 4 992 адам көз жұмды.
22 қазандағы мәлімет бойынша, 51 216 адам коронавирус инфекциясынан (–44 962 + және 6 254 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 365 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
625 адамның жағдайы ауыр,
172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
109 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.