Ата-анасы коронавирустық пандемия кезінде туған ұлына Санитайзер деген есім қойды

21.04.2020 14:12

Үндістанда ата-аналар коронавирустық пандемия кезінде туған баласына Санитайзер деп ат қойды

stan.kz

Ерлі-зайыпты баласының есімі арқылы қиын кезеңді ұмытпай еске алып жүруді мақсат еткен.  COVID-19-мен күресуде көптеген құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер және химиялық залалсыздандырғыштар, соның ішінде санитарлық тазартқыш қолданылды, деп хабарлайды stan.kz.

Ата-аналар атап өткендей, дәрігерлер баланың жаңа есіміне күлімсіреп жауап берді.

«Адамдар коронавирусты есіне түсіре бастағанда, оларды осы химиялық зат инфекциядан сақтап қалды деп айтады», – дейді жаңа туған баланың әкесі.

Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар пандемия бүкіл адамзатқа қатысты екенін және мұндай әрекетті олардың коронавирус инфекциясының таралуына қосқан үлесі деп санауға болатынын айтты.