Елімізде коронавируспен ауырған 1 944 адамның жағдайы ауыр

23.08.2021 14:14

312 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

qazaqstan.tv

Қазақсанда коронавируспен ауырған 1 944 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

23 тамыздағы мәлімет бойынша 124 871 адам коронавирус инфекциясынан (118 989 КВИ+ және 5 882 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 197 пациент стационарда жатыр, 94 674 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 944 адамның жағдайы ауыр,

518 пациенттің жағдайы өте ауыр,

312 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.