76 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
25 ақпандағы мәлімет бойынша 24 778 адам коронавирус инфекциясынан (23 689 КВИ+ және 1 089 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде:
3 054 пациент стационарда;
21 724 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
181 адамның жағдайы ауыр;
89 пациенттің жағдайы өте ауыр;
76 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.