40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
18 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 294 адамның жағдайы ауыр;
• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек бойынша 2021 жылғы 16 қаңтарда 17 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 40 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 46 848, өлім жағдайлары - 540, барлығы 34 613 адам сауығып шықты.