Таиландта індет басталғалы 93 мыңнан астам тұрғын дертке шалдыққан
Таиландта коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы бір тәулікте корольдікте вирус 5 мыңға жуық адамнан анықталды. Бұл осы елде індет таралғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Сарапшылар індеттің өршуін кеселдің түрмеде көптеп таралуымен байланыстыруда. Өйткені дертке шалдығу дерегінің жартысы түзету орындарында тіркелген. Мысалы, әйелдерді түзету орталығындағы 4 жарым мыңнан аса адамның 1 мыңы дертке шалдыққан.
Таиландта індет басталғалы 93 мыңнан астам тұрғын дертке шалдыққан. Індеттің таралуы, әсіресе соңғы айда күшейіп, вирусты жұқтырғандар саны екі есе артқан.