Қазақстанда 209 коронавирус белгісі бар пневмония тіркелді

05.11.2020 14:16

2020 жылғы 5 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 209 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 64 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 38490, 406 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28963 жетті.