Коронавирус жұқтырған 367 адамның жағдайы ауыр

11.02.2022 14:16

150 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

11 ақпандағы мәлімет бойынша, 67 776 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың ішінде 8 149 пациент стационарда, 59 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 367 адамның жағдайы ауыр, 

• 150 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

• 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.