Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2 миллионға жетті

открытые источники
открытые источники
Бүгінде індет салдарынан 119,5 адам көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2 миллион адамнан асты. Соңғы тәулікте дүние жүзінде аталған дерттен 5 мыңнан астам науқас көз жұмды деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, 14 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2,019 мың адамға жетті. 1,3 млн науқас қауіпті дерттен айығу үшін, тиісті ем қабылдап жатқаны белгілі болды. Бүгінде індет салдарынан 119,5 адам көз жұмған.

Ал 443 мың науқас коронавирус инфекциясынан айықты. Әлемде қауіпті дерттен қайтыс болғандар Америка Құрама Штаттарында тіркелген. Елде вирустан 23,5 адам қаза тапты. Соңғы 24 сағаттың ішінде мұхиттың арғы жағында орналасқан мемлекетте 1,4 адам көз жұмған. Вирустан зардап шеккендер Еуропа елдерінде де көп.

Мысалы, Италия, Испания, Франция, Ұлыбританияда коронавирус инфекциясынан 11-20 мың құрбан болды.

Новости партнеров