Коронавирустан емделіп жатқан 616 науқастың жағдайы ауыр

16.04.2021 14:17

118 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

dw.com

2021 жылғы 16 сәуірдегі ақпарат бойынша, 36 868 адам короновирус инфекциясынан (36 393 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың арасында 12 941 пациент стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 616 адамның жағдайы ауыр;

• 168 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 118 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.