Қазақстанда пневмониядан тағы 5 адам көз жұмды

27.11.2020 15:50

2020 жылғы 27 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 41 756, 439 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 362 жетті.