Қала дәріханаларының 95 пайызы медициналық бетпердемен қамтамасыз етілген
Алматыда коронавирус инфекциясын емдеуге қажетті препараттар қаланың барлық дәріханаcында жеткілікті. Дәріхана қоймаларында 1 млн. астам (1 037 мың) емдеуді талап ететін препараттар бар, ол 90% пайызды құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы стационарларының, емханалары мен дәріханаларының дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы құралдармен қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізіліп отырады.
Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін Тұрақтандыру қоры қаражаттарының есебінен қала дәріханаларына дәрі-дәрмек препараттарын жеткізу жалғасуда. Қазіргі уақытта, әкелуге жоспарланған 40,1 млн. дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық заттар қалаға жеткізілгені 47,2 млн. (118%), 23,4 млн. сатылды, қолдағы бары 23,8 млн. оның ішінде, азайтылмайтын қалдығы 8 млн. Осылайша, қалада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар.
Қала дәріханаларының 95 пайызы медициналық бетпердемен қамтамасыз етілген. Алматыда 6 ірі отандық компания жұмыс істейді, оның бірлескен өндірістік қуаты күніне 1 млн. бетперде шығара алады. Сондай ақ 15 маска жеткізуші компанияның қорында 26,2 млн. бетперде бар. Қала дәріханаларына бетперделер күн сайын келіп түседі.
Қоймаларда шамамен 456 мың термометр, оның ішінде, дәріханаларда – 7 590 дана, жабдықтаушыда (БИОЛА) 448 245 дана бар. Ақпанда қосымша 150 мың термометр жеткізіледі деп күтілуде.
Жалпы алғанда, Алматыда дәрі-дәрмекке, сондай-ақ медициналық бетперделерге деген жоғары сұраныс байқалмайды. Жағдай тұрақты.