Елімізде коронавирусты пневмониядан 2 адам қайтыс болды

18.08.2020 14:21

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 67 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді

inform.kz

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмонияға 70-ке жуық адам шалдықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 67 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы 18673 адам ауырды, 220 өлім жағдайы тіркелді», – делінген ақпаратта.