Коронавирусқа шалдыққан 636 науқастың жағдайы ауыр

25.10.2021 14:21

160 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавируспен ауырған 636 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 25 қазандағы ақпарат бойынша, 50 923 адам коронавирус инфекциясынан (–44 854 + және 6 069 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 004 пациент стационарда жатыр, 41 919 науқас амбулаторияда емделіп жүр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

636 адамның жағдайы ауыр, 

160 пациенттің жағдайы өте ауыр, 

110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.